Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Коронавирус соңғы пандемия емес..." - ДДСҰ басшысы ескерту жасады

Бұл тұста адамдар мен жануарлардың өзара әрекеттесуін және ауа райының өзгеруінен туындаған қатерлерді ескеру қажет.

"Коронавирус соңғы пандемия емес..." - ДДСҰ басшысы ескерту жасады
фото: informburo.kz

2020 жылғы пандемия – адамзат бастан кешіп отырған соңғы індет емес. Сондықтан әлем елдері денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек, деп хабарлады paryz.kz.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл тұста адамдар мен жануарлардың өзара әрекеттесуін және ауа райының өзгеруінен туындаған қатерлерді ескеру қажет.

Қазіргі кезде әлем бойынша коронавирусты 80 миллионнан астам адам жұқтырған. Тек соңғы бір тәулікте 400 мыңнан астам науқас анықталды. Ал өлім саны бір миллион 700 мыңнан асып кетті.