Бішкек іргесінде атыс басталып, арнайы операция жүріп жатыр (ВИДЕО)

Бішкек маңында атыс басталды, арнайы операция жүріп жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

 

Бішкек іргесінде атыс басталып, арнайы операция жүріп жатыр (ВИДЕО)

24.kg ақпарат агенттігі мәліметінше, Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатыр. Бішкекке баратын жол жабылған.

Басылымның дереккөзіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған.

Кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Бірақ олар қарулы қарсылық көрсеткен.

"Лаңкес жойылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді министрлік.

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, онда қарулы топты ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатыр. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.