Жапония премьер-министрі кеңсесінің жанындағы бақылау бекетіндегі дәретханадан полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
NHK телеарнасының хабарлауынша, полиция қызметкері өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам айтылды.
«Ер адамның әріптестері дәретханадан тарс еткен дыбыс естігенін айтқан. Артынша полицейдің басынан жарақат алған денесі табылған. Жәбірленуші өзіне қол жұмсады деген болжам бар. Полицей ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Оқиға тәртіп сақшысы қызмет атқарып тұрған уақытта болған.
Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың өзі қазір Африка мен Сингапурға сапарын аяқтап жатыр. Оның 5 мамырда еліне оралатыны айтылды.