Жантүршігерлік видео спорт мектебінің жаттығу залындағы камераға түсіп қалған. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзербайжанның танымал жаттықтырушысы жаттығу кезінде балаларды ұрып-соққан. Оқиға Сумгайыт қаласындағы спорт мектебінде болған. Дзюдо мен самбодан жаттықтырушы, ІІ Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов жаттығу кезінде 7 жасар Фарид Бакаровты ұрып-соққан. Видеодан шашынан тартып, жұлқылап, кілемде бүк түсіп түсіп жатқан баланы тепкілегені анық көрінеді.
Сумгайыт қаласының прокуратурасы Caliber.Az-ға хабарлаған мәліметте, 2016 жылы туған Фарид Бакаров жаттықтырушы Мехман Халиловтың соққысынан көз жұмғанын мәлімдеген. Жаттықтырушы ұрып-соққан кезде баланың мойын омыртқасына зақым келген. Балалар ауруханасына жеткізілгенімен, баланы дәрігерлер құтқара алмады.
1994 жылы туған жаттықтырушы Мехман Халилов күдікті ретінде қамауға алынды. Тергеу басталды.