Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан Тәжікстанға да өкпені желдететін 100 аппаратын жіберді

Бір аппараттың құны - 750 мың теңге. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді.

Қазақстан Тәжікстанға да өкпені желдететін 100 аппаратын жіберді
фото: ашық дереккөз

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Тәжікстанға өкпені жасанды желдетудің 100 аппаратын жіберді, деп хабарлады paryz.kz, Индустрия және иинфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді", - делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей, құрылғылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Үкіметтің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №837 "Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы" қаулысын орындау шеңберінде жіберілді.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан қырғыз еліне өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн маска жібермек

"Көкшетау-4П" аппараттары Көкшетаудағы "Тыныс" зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 осындай құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың құны - 750 мың теңге. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады", - деп түсіндірді ведомстводан.