Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Илон Маск Қазақстандағы жемқорлық туралы айтқан ба?

"Шын мәнінде, Қазақстан бізге үлкен қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда суперчарджерлер саламыз. Иә-иә, дұрыс естідіңіздер...", – деді ол.

Илон Маск Қазақстандағы жемқорлық туралы айтқан ба?
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Илон Маск айтты деген дәйексөз тарады. Онда өнертапқыш Қазақстанда өте күрделі сыбайлас жемқорлық схемалары барын, оларды ақыры түсіне алмағанын жеткізгені, тіпті оларды "өнер" деп те атағаны келтірілген, деп хабарлады paryz.kz.

Алайда, Stopfake.kz-тің хабарлауынша, бұл сөздерді Масктың айтқанының ешбір дәлелі жоқ көрінеді. Желіде кәсіпкердің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы бұрын-соңды жария сөйлегені туралы ешбір дерек жоқ.

"Керісінше, Илон Маск біздің елмен ынтымақтастық орнатуға дайын. Мысалы, 2017 жылы Алматыда Tesla автокөліктеріне арналған алғашқы электр станциясы (супречарджер) ашылды. Кейін ол өрт салдарынан зардап шекті. Бірақ 2019 жылы Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтар үшін Tesla сервистік орталықтарына арналған жаңа станциялар мен жабдықтарды салуға ниетті екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Маск 2019 жылы наурыз айында Tesla Model Y таныстыру кезінде Қазақстан туралы айтқан.

"Шын мәнінде, Қазақстан бізге үлкен қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда суперчарджерлер саламыз. Иә-иә, дұрыс естідіңіздер", – деді ол залдан біреу "Қазақстан" деп айқайлағаннан кейін.

Илон Масктың Twitter-дегі ресми аккаунтында біздің елге қатысты басқа ештеңе жоқ. Интернеттегі басқа да ашық дереккөздерде де Қазақстан туралы жағымсыз пікірлер жазылмаған.