Мектепте 9 адамды атып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Татарстанның Жоғарғы соты Ильназ Галявиевті Қазан гимназиясында тоғыз адамды өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Мектепте 9 адамды атып өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Фото: РИА Новости

«Қылмыстардың жиынтығын негізге ала отырып, Галявиевке 200 мың рубль айыппұл салынумен қатар, ерекше режимдегі түзеу колониясында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді судья.

Сот жәбірленушілердің талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Татарстан прокуроры Илдус Нафиков Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Оның ұсынысы бойынша ол алғашқы бес жылын түрмеде, қалғанын ерекше режимдегі колонияда өткізуі керек еді. Сотталушының өзі түрмеге жібермеуді сұрап, жәбірленушілерге барлық талабы үшін өтемақы төлеуге уәде берді.

Еске салайық, 2021 жылдың 11 мамырында сол кезде 19 жаста болған Галявиев бұрын өзі оқыған №175 гимназияда оқушыларға оқ жаудырған. Оқтан жеті оқушы мен екі мұғалім қаза тауып, тағы 23 адам жарақат алды, оның ішінде 20 бала бар.

Галявиев оқиға орнында ұсталды, кейін ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеушілердің айтуынша, жас жігіт интернеттен оқыған «деструктивті субмәдениеттердің бірінің бейресми өкілдерінің әрекетіне еліктеген» және шабуыл жасау кезінде солардың мәнерімен әркет еткен.

Сот шешімімен оған төрт адам өлтіру, адамдарды өлтіруге оқталу, жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасау және бөтен мүлікті қасақана жою бойынша айып тағылды. Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды (оның 143-іне ауыр зиян келтірілген).