Бірнеше күн бұрын ВВС Нурмагомедовке "Жыл спортшысы" атағын берген еді.
Америкалық танымал журналист, спорт комментаторы Джо Роган UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовті алаяқтық жасады деп айыптады, деп хабарлады paryz.kz, vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Оның салмағы жеңіл емес. 70 келіге дейін салмақ тастап, ал салмақ жинайтын кезде спагетти жеп, қайтадан 90 келіге дейін көтерілу - сандырақ", - дейді журналист.
Бірнеше спорт сарапшысы Джастин Гэтжимен жекпе-жек алдында Хабибтің салмақ өлшеу рәсімінде қате кетті деп айтқан болатын. Яғни, олар Нурмагомедовті алаяқтық жасады деп айыптап отыр.
Ал Хабиб Гэтжимен болған жекпе-жектен кейін спорттық мансабын аяқтады.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ВВС Нурмагомедовке "Жыл спортшысы" атағын берген еді.