Лаңкестік қаупі жоғары елдердің көшін Ауғанстан, Ирак және Нигерия бастап отыр.
Қазақстан лаңкестік деңгейі жағынан ең қауіпті елдер рейтингінде 135 елдің арасында 93-орын алды, деп хабарлады paryz.kz, energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Елдің индексі 0,901-ді құрап, өте төмен қауіп деңгейіне жатқызылған. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде жанжалдар мен лаңкестік актілер соғұрлым жиі дегенді білдіреді. Егер индекс нөлге тең болса, елде лаңкестік қаупі мүлдем жоқ деген сөз.
Лаңкестік қаупі жоғары елдердің көшін Ауғанстан, Ирак және Нигерия бастап отыр.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде экстремизм және лаңкестікпен байланысты 189 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Былтырғымен салыстырғанда, бұл - 14,9 пайыз аз. Аймақтық деңгей бойынша ең көп құқықбұзушылық Түркістан облысы, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында болады. Ал құқықбұзушылықтар ең аз тіркелген аймақтар - Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары.