20.12.2020, 19:05

YouTube-тің 6 жасар жұлдызы Forbes бетіндегі табыстылардың қатарына енді

фото: forbes.ru

Оның арнасына жалпы алғанда 190,6 миллион адам жазылған. Ал қаралымдар саны 39 миллиардтан асып түскен...

Ресейлік Анастасия Радзинская 2020 жылы ең көп табыс тапқан YouTube жұлдыздарының ондығына кірді, деп хабарлады paryz.kz, Forbes журналына сілтеме жасап.

Кішкентай блогер табысы көптердің тізімінде 7-орынға жайғасқан. Басылымның есептеуінше, бір жыл ішінде Анастасия 18,5 млн доллар табыс тапқан.

"Роликтері түрлі-түсті, сөздері мәнерлі және күрделі тілді қамтымайды. Бұл оны бүкіл әлемдегі балалар аудиториясы үшін өте қолайлы етеді" деп жазған басылым.

You Tube-тегі Like Nastya арнасына жалпы алғанда 190,6 миллион адам жазылған. Ал қаралымдар саны 39 миллиардтан асып түскен. Одан бөлек, Анастасияның TikTok-тегі парақшасында 3 миллионнан астам жазылушы бар.

Анастасия роликтерінде күнделікті шұғылданатын ісін, отбасылық саяхаттағы сәттерді көрсетеді. Айта кетсек, бұл тізімде 1-орынды балалар ойыншығына шолу жасайтын 9-жастағы Райан Каджи иеленген. Оның жылдық табысы – 29,5 млн доллар.