«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды

«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды
Сурет: Altyn-Orda.kz

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу студенттерінің біздің Музыкалық жас көрермен театры артистерінің орындауындағы «Құдаша» әнін — мерекелік кештерде сахналық композиция, флешмоб жасап жатқанын көріп сүйсінсек, бүгін Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады.

Айта кетейік, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер — премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінің төрінен орын алды.

Әсіресе, халық әні «Құдаша» — айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманның назарына түсіп, актуальды туындыға айналып шыға келді.