Жер сілкінісі кезінде қайтыс болған адам жерлеу сәтінде оянды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі qaz365-ке сілтеме жасап.
Сириялық Ахмед әл-Мағриби алапат зілзала болғанда, үйінділердің астында қалады. Оны құтқарушылар тауып, дәрігерлер тексеріп, өлгені туралы хабарлайды, содан кейін оны екі күнге мәйітханаға жатқызады.
Дереккөздің хабарлауынша, жерлейтін күні жақындары қоштасу рәсіміне жиналғанда, оның қозғалып, кірпігі қимылдап жатқанын мәйітшілер байқап қалады. Дәрігерлер тоқтап қалған жүрегінің қайта соққанын анықтаған. Сосын оны дереу ауруханаға жеткізген.