Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан

Малатья қаласында жер сілкінісінен соң отбасымен үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан
фото: gzt

Зілзаладан соң ерікті ретінде іздестіру-құтқару тобының жұмысына қатысқан жергілікті мұғалім оқиға орнындағы жағдайларды ұмыту мүмкін емес дейді. Олар 19 адамды үйінді астынан аман-есен алып шыққан. Алғашқы күн 9 сағат жұмыс істеп бірде бір тұрғынды таба алмаған.

Үміт үзіле бастағанда үйінді астындағы бір қыздан әкесіне хабарлама келеді. Жер сілкінісінен 19 сағат өткен соң осы хабарламаға сүйене отырып, құтқару тобы қираған ғимаратта іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде үйінді астынан 9 адам аман шығарылады. Солардың бірі әпкесіне сәбиі туралы:

"Ол менің құшағымда жатыр, уайымдама, бесік жырын айтып ұйықтаттым" деген. Баланың қайтыс болғанын тек өзі білген. Үйінді астынан алып шыққанға дейін бәрі, тіпті құтқару тобы да тірі деп ойлаған. Еріктінің айтуынша ол қыз сәбидің анасына, яғни әпкесіне моральдық тұрғыда көмек беру үшін осындай қадамға барған. Осылайша үйінді астында қалғандардың өмірін құтқарып қалды", дейді.