Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

Бұл іс-шара әлемнің жүздеген еліне тікелей эфирде көрсетілді.

Ниагара сарқырамасы жыл бойы арнайы жарық беру құрылғыларының көмегімен түрлі-түске бөленіп, келбетін өзгертіп тұрады, деп хабарлады paryz.kz

Күн ұясына бата бастаған сәтте қосылатын таңғажайып жарық шоуын көруге миллиондаған турист келеді. Пандемияға қарамастан, биыл Ниагара шамдары сөнген жоқ. Ал бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің құрметіне әйгілі сарқырама көк және сарғыш түске боялды. Бұл бастама Канададағы Қазақстан елшілігі мен Антарио провинциясы әкімшілігінің қолдауымен іске асырылған.

Бұл іс-шара әлемнің жүздеген еліне тікелей эфирде көрсетілді.