21.02.2023, 09:40

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Фото: ашық дереккөз

Сирия мен Түркия шекарасында 6,4 магнитудалды жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Антакия қаласындағы жаңа дүмпулердің салдарынан тұрғын үйлер қираған, бірақ олардың саны көрсетілмеген.

Жер асты дүмпулері Хатаймен көршілес провинцияларда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.