Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бельгияда айыппұл көлемі үш есе көбейеді

Одан бөлек Белгияның прокуратурасы заңсыз кештерді ұйымдастыру үшін қолданылған құрылғыларды тәркілеуді де көздеп отыр.

Бельгияда айыппұл көлемі үш есе көбейеді
Фото: дереккөз

Бельгияда прокуратура алқасының отырысы өтіп, онда коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Отырыста қабылданған шешім бойынша карантин кезеңінде басқосу немесе кеш ұйымдастырған адамдарға айыппұл 250-ден 750 еуроға дейін арттырылмақ. Болашақта мұндай шараларды ұйымдастырушыларға 4 мың еуро айыппұл салынады.

Бельгия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, осылайша прокурорлар жеке адамдардың карантин талаптарын сақтауына баса мән бергізбек.

Бельгияда карантинді өрескел бұзатын азаматтар заңсыз кештерді көптеп ұйымдастыратыны анықталған. Мәселен, демалыс күндері Бельгия полициясы Лаекендегі 50-ден астам адам жиналған жеке кешті тоқтатқан. Ұйымдастырушылар автобус пен кәсіби музыкалық жабдықты ойын-сауық үшін пайдаланған. Сонымен қатар Рождество секілді отбасылық жиындарды ұйымдастырғандарға салынатын айыппұл көлемі 250 еуро мөлшерінде қалады. Одан бөлек Белгияның прокуратурасы заңсыз кештерді ұйымдастыру үшін қолданылған құрылғыларды тәркілеуді де көздеп отыр.

"Дыбыс үдетуші жүйелер, бардың керек-жарақтары, мобильді телефондар, тіпті автокөліктерге дейін тәркіленуі мүмкін", - деп ескертеді прокурорлар.