«Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасы жақын арада Ресей өңірлеріне жеткізілу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада.
Сынақтар Ресейдің денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген. Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.