14.02.2023, 11:07

Түркияда жер сілкінісінен 183 сағат өткен соң ер адам құтқарылды

Фото: Sergen Sezgin - AA

Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакия қаласындағы Жебраил ауданында жер сілкінісінен 183 сағат өткен соң бір ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Anadolu Ajansı хабарлауынша, құтқарылған адам адам өзін басып қалған ғимараттың қирандыларының астынан табылды.

Үйінді астынан құтқарылған адам ауруханаға жеткізілді.

6 ақпанда болған, «Ғасыр апаты» деп аталған жер сілкінісінен кейін Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.