Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркияда үйінді астында аман алған қыздың адам сенгісіз оқиғасы

Түркияның Газиантеп қаласында бір отбасының бес адамы - ата-анасы, ұлы және екі қызы үйінділерден құтқарылды. Аман қалған 28 жастағы фармацевт Гизем Озкан оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

Түркияда үйінді астында аман алған қыздың адам сенгісіз оқиғасы
Фото: Almaty.tv

"Ең қиыны жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттар. Сен дем ала алмайсың, ауыр заттың астында қысылып қаласың. Айналаңда шығатын жер жоқ. Жан-жағыңнан қысылып қаласың. Ал бір сағаттан кейін адам үйрене бастайды. Дауыстар естіп, аман қалуға мүмкіндігің барын түсінесің, есіңді жия бастайсың", - дейді Гизем Озкан.  

Хатай провинциясында үйінді астында алты тәулік бойы жатқан екі айлық нәресте аман қалған. Әлеуметтік желіде құтқарушылар нәрестені аман алып шыққан сәттің видеосы тараған.