10.02.2023, 16:50

Түркиядағы зілзала: бесікте жатқан сәби 72 сағаттан соң үйіндінің астынан тірі табылды (видео)

фото: aikyn.kz

Хатайдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше күн өтті. Құтқарушылар қираған үйдің үйіндісінің астынан сәбиді 72 сағаттан кейін тірі тапты. Бұл туралы Aikyn.kz TRGT Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Үйіндінің астынан баланы алып шыққан құтқарушының айтуынша, анасы бесіктегі баласын денесімен жауып аман алып қалған.

Аднан есімді балақай зілзала болған сәтте бесікте жатқан екен. Анасы үй жермен-жексен болып қирағанда бесікті кеудесімен қорғап қалған.

Бұған дейін Хатайда үйінді астынан тірі табылған қазақстандық қыз туралы жазған болатынбыз.