Хатайдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше күн өтті. Құтқарушылар қираған үйдің үйіндісінің астынан сәбиді 72 сағаттан кейін тірі тапты. Бұл туралы Aikyn.kz TRGT Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Үйіндінің астынан баланы алып шыққан құтқарушының айтуынша, анасы бесіктегі баласын денесімен жауып аман алып қалған.
Аднан есімді балақай зілзала болған сәтте бесікте жатқан екен. Анасы үй жермен-жексен болып қирағанда бесікті кеудесімен қорғап қалған.
Бұған дейін Хатайда үйінді астынан тірі табылған қазақстандық қыз туралы жазған болатынбыз.