Жер сілкінісі кезінде отбасынан айырылған Хатай провинциясындағы Антакья қаласының тұрғыны Касым Гюндуз Euronews арнасына қайғылы жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бір-бірімізді құшақтап алдық. Алланың атын айтып үлгермедік, бес рет үй шайқалып, сосын бәрі қирады, біз төменге құладық. Баламның аты Хикмет еді. Оны шақырғанымда, ол жауап берді. Оған сабырлы бол дедім. Әйелімнің аты Шефика болатын. Оны да шақырдым: раушаным, раушаным менің! Сосын: Шефика! дедім. Бірақ жауап болмады, ештеңе естімедім. Алла бұндайды ешкімнің басына салмасын. Үйленгенімізге 52 жыл болды, кенже ұлымыз 42-де", - деді ер адам.
Ұлының денесі табылған. Олар Қасымның әйелі Шефиканы әлі іздеп жатыр, сондықтан ол қираған үй маңынан кетпей күтіп жүр.