Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті.
Tribune India жазбасында 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған.
Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді.
Желіде "Құдай-ау, неткен батыл қыз", "Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!", "Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке", – деген пікірлер жазылды.
Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.