Сирияда әйел сәбиін үйінді астында босанған соң көз жұмды

Құтқарушылар Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының маңында құлаған ғимараттардың үйіндісі астында қалған азаматтарды іздеу операциясы барысында жаңа туған шақалақты тапты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Сирияда әйел сәбиін үйінді астында босанған соң көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Куәгерлердің айтуынша, сәбидің анасын құтқару мүмкін болмаған.

Құтқарушылар баланы дәрігерлерге тапсырды. Сәбиді үйінді астынан алып шыққан сәтте түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде лезде тарап кетті.

Бұған дейін Алеппоның ескі бөлігіндегі әл-Акаба орамында құтқарылған жаңа туған қыз бала мен жасөспірімнің құтқарылғаны туралы ақпарат түскен болатын. Дамасктен солтүстікке қарай 360 шақырым жерде орналасқан бұл провинция орталығында жер сілкінісі кезінде 47 ғимарат қираған.