Ол вакцина атаулының ешқайсысына сенбей, күмәнмен қарайтынын да алға тартқан.
Украинада депутаттардың бірі коронавирустың барына сенбейтінін айтып, жалпақ жұртқа мәлімдеме жасады, деп хабарлады paryz.kz, ren.tv-ға сілтеме жасап.
Украина президенті Владимир Зеленскийді кезінде президенттікке ұсынған "Слуга народа" партиясындағы депутаттардың бірі күтпеген мәлімдеме жасады. Жоғарғы рада депутаты Юрий Камельчук коронавирус пен оған қарсы кез келген вакцинаның "ойдан шығарылғандығына" сенімді екенін айтып, ағынан жарылған.
Ол вакцина атаулының ешқайсысына сенбей, күмәнмен қарайтынын да алға тартқан.
"Мен әлемдегі кез келген вакцинаға, әсіресе, ойдан шығарылған COVID-19 ауруына қарсы вакцинаға сенбейтінімді еш қалжыңсыз мәлімдеймін", - деді партия өкілі, Liga.net порталына берген сұхбатында.
Айта кетсек, Юрий Камельчук Львов ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Халық қалаулысы жеке сайтында өзін "дамыту жаттықтырушысы" деп атайды.