Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Швеция азаматы Құран кітабын үшінші рет өртеді

Швеция азаматы Расмус Палудан Құран кітабын үшінші рет өртеді. Бұл жолы ол діни кітапты Ресей елшілігінің алдында өртеп жіберді. Оның іс-әрекеті араб әлемінің ашу-ызасын, халықтың наразылығын тудырып жатыр.

Швеция азаматы Құран кітабын үшінші рет өртеді
Фото: ашық дереккөз

Ол Құран кітабын өртеген «акциясын» өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Бұл акцияны Шешенстаннан шыққан Швеция спортшысы Хамзат Чимаев пен Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа арнаймын. Хамзат пен Рамзанға өздерін қалай ұстау керектігін үйретуім керек пе? –  деді ол.

Бұған дейін Расмус Палудан Құран кітабын екі рет өртеген болатын. Бірінші рет ол діни кітапты Стокгольм қаласындағы Түркия елшілігінің алдында, кейін жұма күні Копенгагендегі мешіттің сыртында өртеп жіберген.

Осыған жауап ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия Швецияның НАТО-ға кіруге қолдау көрсетпейтінін мәлімдеді.