Лайнердің қанатына шығып ұшпақшы болды (ВИДЕО)

Болжам бойынша, ер адам психикалық ауытқудан зардап шегеді. 

Лайнердің қанатына шығып ұшпақшы болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Лас-Вегас әуежайында белгісіз ер адам Alaska Airlines жолаушылар лайнерінің қанатына шығып, ұшпақ болды, деп хабарлады paryz.kz, TMZ-ға сілтеме жасап.

Желіде тараған кадрларда ер адамның алдымен әуе кемесінің қанатына шығып жүргенін көруге болады, содан кейін оның үстіне көтеріліп, тайып, биіктіктен жерге құлап түсетіні бейнеленген.

Белгілі болғандай, оқиға сенбі, 12 желтоқсанда Невада штатының Хендерсон қаласындағы Маккаран халықаралық әуежайында болған. Лас-Вегастан Портлендке бара жатқан 1367 нөмірлі рейсі ұшуға дайындалып жатты, бірақ ұшқыштар лайнерге жақындап келе жатқан белгісіз адамды байқап, бұл туралы диспетчерлерге хабарлады.

Нәтижесінде оқиға орнына әуе кемесінің қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері келді. Осылайша, тәртіп бұзушы ұсталды, оны тексеруге жергілікті ауруханалардың біріне жөнелтті.

Болжам бойынша, ер адам психикалық ауытқудан зардап шегеді.