Қытайда көгершін жарыстыратын сайыс пайда болды

Тіпті бұл елде көгершіндердің арнайы қауымдастығы да бар көрінеді. Оған 400 мыңдай адам мүше.

Қытайда көгершін жарыстыратын сайыс пайда болды
Фото: ашық дереккөз

Мыңдаған адам көгершендірді ұшырып, жарыстыруды ермек еткен, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тіпті бұл елде көгершіндердің арнайы қауымдастығы да бар көрінеді. Оған 400 мыңдай адам мүше. Хэбэй провинциясында өткен жарыста 8 мың кептер "бақ сынаған". Бас жүлдеге 5 мың юань тігілген, яғни 320 мың теңгеден асады.

Бұл құсты өсіру үлкен шығынды қажет етеді. Мысалы, бір тұрғын 500 көгершінге жылына 30 мың доллар жұмсайтынын айтады. Негізі көгершінді асырау Бельгиядан бастау алады. Бір Қытай азаматы кептерін Еуропа еліндегі аукционда 2 млн долларға бағалаған. Әдетте жарыста топ жарған көгершіндердің құны жоғары.

Жақында Бейжіңдегі бәссаудада қанатты чемпион 750 мың долларға сатылған болатын.