Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Зеленский Днепрге шабуылдан кейін ресейліктерге үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйге зымыранмен жасалған шабуылдан кейін Ресей Федерациясының азаматтарына бейнеүндеуді орыс тілінде жасады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Зеленский Днепрге шабуылдан кейін ресейліктерге үндеу жасады
фото: Ulysmedia.kz

Ресейде тұратын немесе Ресейден шыққандардың, бәрін көріп, біліп отырғанымен, террорды айыптап бір де сөз айтпағандардың бәріне айтарым: сіздердің қорқақ үнсіздіктеріңіз, артын күтіп қалғандарыңыз ол террористердің сіздерге келуімен аяқталады. Зұлымдық қорқақтықты жақсы сезеді. Зұлымдық өзінен қорқатын, саудаласып қалуды жөн көретіндерді есінде сақтап қалады. Сол зұлымдық сіздерге келген кезде қорғанатын пана таппай қаларсыздар - деді Владимир Зеленский.

Еске салайық, 14 қаңтарда түстен кейін Ресейдің Украинаны кезекті рет жаппай атқылауы кезінде зымырандардың бірі Днепрдегі 9 қабатты тұрғын үйге тиіп, оның сегменттерінің бірі толығымен қирады. Соңғы мәліметтер бойынша 30 адам қаза тапқан. Үйінділерді сараптау және тірі қалғандарды іздеу жалғасуда, құрбандар саны бұдан да артуы мүмкін деген қауіп бар.

Үйінді астынан ондаған адам құтқарылды, оның ішінде алты бала бар. Біз әр адам үшін күресіп жатырмыз! Ал құтқару операциясы адам өмірін сақтап қалуға ең соңғы мүмкіндік қалғанша жалғасады - деді президент.