Грузияның атақты әншісі Вахтанг Кикабидзе өмірден озды

Актер, режиссер және әнші Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Грузияның атақты әншісі Вахтанг Кикабидзе өмірден озды
фото: Бренды России

Кеңестік және грузин актері Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Тбилисиде дүниеге келген. Кинодағы дебютін 1966 жылы «Таудағы кездесу» фильмінде жасады. 

Сценарист және режиссер ретінде «Сау бол, қымбаттым» және «Еркектер және қалғандары» деп аталатын екі толықметражды фильм түсірді. 

Кикабидзенің фильмографиясында 20-дан астам картина бар. 

Сонымен қатар «Чито-Грито», «Мои года, моё богатство» сияқты әндерімен танылды.