Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Непалда ұшақ құлап, 40 адам қаза тапты

Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Непалда ұшақ құлап, 40 адам қаза тапты

Ұшақ бортында 72 адам: 68 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған. Бұл – елде кейінгі бес жылға жуық уақытта болған ең ірі апат. Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Джаганнатх Нирула күннің ашық болғанын атап өтті.

«Кеме Сети шатқалынан әуежаймен таңғы сағат 10:50-де (Гринвич уақыты бойынша 05:05) байланысқа шықты», - делінген авиациялық мекеменің мәлімдемесінде. Содан кейін ол апатқа ұшырады.

Yeti Airlines ұшағы құлаған маңда жүздеген құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Полиция өкілі ұшақтың өртеніп жатқанын, құтқарушылардың туристік қала әуежайы жанындағы тау шатқалына әзер жеткенін мәлім етті.

«Ұшақ екіге бөлініп, жартысы тау баурайында, қалған жартысы өзен шатқалына құлап кетті», - деді жергілікті тұрғын Арун Таму. Ол Reuters агенттігіне ұшақ құлағаннан кейін апат орнына бірнеше минуттан соң жеткенін айтқан.

Hindustan Times газетінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған бортта шетелдіктер болған: 5 үнді азаматы, 4 ресейлік, 1 ирландиялық және 2 оңтүстік кореялық. Кейбір БАҚ бортта Австралия, Франция және Аргентина азаматтары болғанын хабарлады.