Мас жүргізушінің "ксивасын" көрген инспекторлар "тілдерін жұтып қойды" (ВИДЕО)

Бұл оқиғаны әлеуметтік желі қолданушылары мазақ етіп жатыр. 

Интернетте Қырғыз Республикасы жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейд кезінде түсірілген видеосы тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Мас жүргізушіні тоқтатқан кезде ол инспекторларға қызыл куәлігін көрсетеді. Содан соң "Сіз кішіпейілділікті білесіз бе?" деп айғайлайды. Куәлігіндегі лауазымын оқыған қос инспектордың сол сәтте түрлері өзгеріп, сөйлей алмай қалады. Тілін жұтып қойған адамша жөні түзу сөз айта алмай, "былай жүріңізші" деп міңгірлейді. "Қай жаққа?! - дейді сонда жүргізуші. - Мен үйге бара жатырмын".

Сірә, лауазымы жоғары бір дөкей болса керек, қырғыздың жол полицейлері түк істей алмай, мелшиіп тұрып қалған. Бұл оқиғаны әлеуметтік желі қолданушылары мазақ етіп жатыр.