Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қытай билігі шетелдік туристер үшін шекарасын ашты

2020 жылдың наурызында елге кіруге шектеу қойған Қытай шетелдік туристер үшін шекарасын ашты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қытай билігі шетелдік туристер үшін шекарасын ашты
фото: dzen.ru

Енді Қытайға келген туристер карантинге түспейді, бірақ әлі де коронавирустан ПТР-тест тапсырады. Оның уақыты сапарға шыққанға дейін 48 сағаттан аспауы керек.

Жексенбі, яғни 8 қаңтарда Қытай билігі шетелдіктер үшін уақытша тұруға жарамды виза бере бастады - деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Сондай-ақ жексенбіден бастап Қытай Халық Республикасының материктегі бөлігі мен Гонконг арасындағы теңіз және жаяу жолаушылар тасымалы қалпына келді. Мұндай сапарға шығу үшін де турист уақыты екі күннен аспаған ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек.

Айта кетерлігі, билік әзірге Қытай мен Гонконг арасында күн сайын қатынайтын адамдардың санына шектеу қойып отыр. Өйткені, 22 қаңтарда Қытайда Жаңа жыл тойланады. Мерекені қазірден бастап тойлап кеткен Қытайдан Гонконгтағы жақындарын құттықтау үшін 400 мыңнан астам адам барады деген болжам бар.