Зеленский ресейлік әртістерге оның ішінде Киркоровқа, Полина Гагарина және Дима Биланға қарсы санкция салды

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік актерлерге, әншілерге, шоумендерге және спортшыларға қарсы жаңа санкциялар салатын жарлыққа қол қойды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Зеленский ресейлік әртістерге оның ішінде Киркоровқа, Полина Гагарина және Дима Биланға қарсы санкция салды
фото: Paryz.kz

Санкциялар тізіміне Ирина Аллегрова, Максим Аверин, Дима Билан, Игорь Бутман, Александр Буинов, Лариса Долина, Полина Гагарина, Михаил Галустян, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, Никита Михалков, Евгений Петросян, Стас Пиеха, Юлия Савичева, Анна Сувичева, Михаил Шуфутдинский, Дмитрий Харатян, Леонид Якубович енген.

Сондай-ақ Украина азаматтарына - әнші Лолита Милявскаяға, тележүргізуші Жанна Бадоеваға және украиналық футболшы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, ресейлік "Зенит" клубында жаттықтырушы көмекшісі болып жұмыс істейтін Анатолий Тимощукқа да санкция салынды.

Тізімде барлығы 119 адам бар.

10 жыл бойы оларға Украинаға кіруге, сондай-ақ осы елдегі активтерді пайдалануға тыйым салынады. Украинадан капиталды шығаруға да шектеу қойылған.