Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

АҚШ Түркияның жаңа атауын қолдануға көшті

АҚШ Мемлекеттік департаментінде Түркияның түріктер үшін қолайлы атауын – Turkiye-ді қолдану туралы шешім қабылдады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ Түркияның жаңа атауын қолдануға көшті
фото: ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz хабарлауынша НАТО-дағы одақтас түрік тарапының өтініші бойынша Вашингтон ресми құжаттарда елдің ресми атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп жазды The Washington Times.

"Түркия елшілігі АҚШ үкіметінен хабарламаларда «Republic of Turkiye» атауын қолдануды сұрады. Біз «Turkiye» және «Republic of Turkiye» атауын ресми, дипломатиялық және екіжақты контексте, соның ішінде қоғамдық хабарламаларда қолдана бастаймыз", – деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

Түркия өткен жылы әртүрлі халықаралық кездесулерде өз атауын Turkiye деп өзгертуді сұрады. БҰҰ мен НАТО мемлекет атауын жаңа емле бойынша жазуға көшкен.

Айта кетерлігі, АҚШ Мемлекеттік департаменті мұндай өзгерістерге жиі бармайды. Мәселен, АҚШ әлі күнге дейін Бирманы Мьянма деп атаудан бас тартып келеді. Үкіметтерінің өтініші бойынша атауын өзгерткен соңғы екі ел – Солтүстік Македония мен Эсватини болды.