10.12.2020, 16:40

Илон Масктың зымыраны cынақ сәтінде жарылып тынды

фото: ria.ru

Еске сала кетсек, Starship ғарыш кемелері Ай мен Марсқа адамдар мен жүк тасымалдау үшін құрастырылып жатыр.

SpaceX компаниясының Марсқа ұшуға арналған Starship зымыран үлгісі сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлады paryz.kz.

Техастың Бока-Чика полигонынан ұшқан зымыран 5 минуттан кейін қайта төмен түсе бастаған. Сөйтіп, ол жерге қонар кезде быт-шыт болып жарылып тынды.

Компания өкілдерінің айтуынша, апатқа қозғалтқыштағы ақаулар себеп болған.

Еске сала кетсек, Starship ғарыш кемелері Ай мен Марсқа адамдар мен жүк тасымалдау үшін құрастырылып жатыр.