Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ресейдің аэродромына тағы да шабуыл жасалды

Украинаның ұшқышсыз ұшақтары соңғы ай ішінде Ресейдің Энгельс қаласындағы авиациялық аэродромына екінші мәрте әуеден соққы берді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Ресейдің аэродромына тағы да шабуыл жасалды
Фото: ашық дереккөз

26 желтоқсанға қараған түні Ресей Федерациясының алыстағы стратегиялық авиациясы орналасқан «Энгельс-2» ауданында жарылыстар даусы естілді, – делінген хабарламада.

Порталдың хабарлауынша, Энгельс-2 аэродромында жарылыстардың болғаны рас. Соққыдан кейін тұтанған өрттің аумағы 120 шаршы метрді шарпыған, 3 адам қаза тауып, тағы 4 әскери госпитальге жатқызылған.

РФ Қорғаныс министрлігі Энгельсте жарылыс оқиғасы тіркелгенін мойындады. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, әуе қорғанысының қару-жарақтары Саратов облысындағы Энгельс әскери аэродромында украинның бір дронын атып түсірген. Бірақ авиациялық техникалар ешқандай залал шекпеген.

Бұдан бұрын Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин өзінің Telegram-арнасында «қаланың тұрғын үй аудандарында ешқандай төтенше жағдай болмағанын» хабарлаған болатын.

The Moscow Times басылымының хабарлауынша, РФ президенті Владимир Путиннің кеше өткізген кеңесінде Украина шекарасынан шамамен 700 шақырым жердегі аэродромға дрондардың диверсия жасауы мәселесі арнайы қаралған. Отырыста әскерилер енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын айтып, Путинге уәде берген. Бірақ олардың ешқайсысы бұған 100 пайыздық кепілдік бере алмаған.