Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жалған құжаттар жасатқан: Төрт айы бойы дәрігер боп істеген медициналық білімі жоқ әйел ұсталды

Төрт ай бойы ауруханада жалған құжаттар бойынша дәрігер болып жұмыс істеп, тіпті ота жасауға қатысқан түркиялық Айша Озкираз 13 жылға бас бостандығынан айырылады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалған құжаттар жасатқан: Төрт айы бойы дәрігер боп істеген медициналық білімі жоқ әйел ұсталды
фото: Dha.com

Озкираз Түркияның батысындағы Черкёзкей қалалық ауруханасына жұмысқа орналасу үшін жалған сертификаттар мен құжаттарды ұсынған. Ол балалар хирургиясымен айналысатынын атап өтті.
Әйел адам оталарға қатысты, пациенттерді тексерді, балаларды емдеді. Ол ота палатасын, ота барысында жиі суретке түсетін.

Айшаның үйін тінту барысында көптеген медициналық құрылғылар, сондай-ақ Анкара, Стамбул және басқа қалалардағы ауруханалар мен медициналық факультеттерінің қағаздары табылды.

Оның айтуынша, медицина факультетіне бірнеге мәрте түсе алмағаннан кейін, осындай әрекетке баруға мәжбүр болды. Өйткені ол ата-анасының үмітін ақтамай қалудан қорықты. Сондықтан құжатты қолдан жасауды жөн көрді.

Сондай-ақ, Озкираз пациенттерді тексергенін жоққа шығарады және тексеру процесін тек сырттан бақылағанын айтады. Сонымен бірге, ол басқа дәрігерлердің рұқсатымен отаға қатысқан, бір күні ол тіпті жараны өзі тікті.

Әйел адам 25 қазанда ұсталды, тергеу 24 желтоқсанда аяқталды. Сот процесі алдағы күндері басталады.