Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ресей билігі елден қашқан азаматтар үшін салықты арттырады

Үш ай бұрын ішінара мобилизация жариялаған Ресейде елден кетіп қалған азаматтарға көбірек салық салынады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ресей билігі елден қашқан азаматтар үшін салықты арттырады
фото: zhasalash.kz

Ресейдің мемлекеттік думасы қазір салықты арттыруға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Мұны Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин мәлімдеді.

Ресей парламенті төменгі палатасының төрағасының сөзінше, елден кеткендер әрі қарай да ресейлік компаниялардағы жұмысын қашықтан жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, бұрынғыдай барлық жеңілдіктерді пайдалануда. Сондықтан елден қашып кеткендерге салынатын салықты көбейткен дұрыс дейді.

Бұған қоса, оларды өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат статусынан да айыруы мүмкін. Осылайша, Ресей үкіметі елден кеткен азаматтарының барлық жеңілдіктерінің күшін жоюды көздеген. Қазір көрші елдің билігі заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіп жатыр.

Айта кетейік, Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан бері елден еңбек жасындағы жүз мыңдай азамат басқа елдерге кетті.