Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қазақстанмен соғысамыз. Қақтығыс сөзсіз болады"- Ресейлік саясаткер

Орыс телеэфирі соңғы жылдары Қазақстанға қабақ шытуды, ашық провокациялық мәлімдемелер жасауды, Қазақстанның тәуелсіздігіне шек келтіріп, елі мен жеріне көз алартуды жиілетті. Бұрындары Жириновский, Лимонов секілділердің аузы көбіктеніп, соғысқа шақырып сөйлеген сөздерін жылына бір-екі рет естіп тұрушы едік. Қазір айына, тіпті  аптасына Қазақстанға қарата неше түрлі сөздер айтылуда, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Қазақстанмен соғысамыз. Қақтығыс сөзсіз болады"- Ресейлік саясаткер
фото: discover24.ru

 Abai.kz хабарлауынша Ресей президенті Владимир Путиннің «тәпсіршісі» Дмитрий Песков: «Бұл Кремльдің позициясы емес, ал саясаткерлердің аузына біз қақпақ бола алмаймыз» деп құтылатынды шығарды.

Күні кеше ғана Ресейдің мемлекеттік телеарнасынан Евгений Сатановский деген саясатшы тағы сөйледі. Сөйлегенде де: «Қазақстанмен соғысамыз. Қақтығыс сөзсіз болады», – деді.

Сөзбе-сөз: «Қазақстандағы АҚШ-тың биозертханалары жайлы біз ұмытып кете береміз. Алғашқыда, күліп едік. Сенбеп едік. АҚШ Қазақстанда биозертхана ашуы мүмкін емес дедік. Сөйтсек, Украинадағы секілді, Қазақстанда да 2 әскери биозертхана бар екен. Ол АҚШ-тікі. Сондықтан   сөзсіз, тікелей қақтығыс болады. Ал қақтығыстың қашан болатынын біз шешпейміз», – дейді.

Бұл дегеніңіз, қарапайым сөзбен айтсақ, «Украинадан соң, Қазақстанның мәселесіне кірісеміз. Керек болса, соғысамыз» деген сөз! «Қақтығыс сөзсіз болады» дегеніңіз басқа емес, нақ осы сөз!

Ал бұл айтылғандарға қатысты біздің Сыртқы істер министрлігі жауап берді ме? Қандай да бір әрекет жасады ма? Ресейдің Қазақстандағы елшісін шақыртты ма? Естіген жоқпыз. Әдеттегідей, естісе де, естімегендей болып отыр. Мейлі, кім айтса да, Ресей жақтан айтылған мұндай сөздерге келгенде министр Мұхтар Тілеуберді «тілін жұтып» қойғандай, үн шығармайды. Ал Кремль мұндай пікірлерді ашық айтқызады. Ол орыстың сөзін сөйлегендерді қудаламайды.

Басқасын қойғанда, Сатановскийдің кешегі сөздері ашық соғысқа шақыру! «Соғыс болады», –дейді. Қазақстанға қауіп төндіретін сөздерді айтып жатыр. Үкімет те, Парламент те, Ақорда да әзірге үнсіз.