Үндістанда тараған белгісіз аурудың пайда болу себебі анықталды

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, барлығы 505 адам зардап шекті, 370-тен астамы сауықты, тағы 120-сы ауруханаларда жатыр. 

Үндістанда тараған белгісіз аурудың пайда болу себебі анықталды
Фото: ашық дереккөз

Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатындағы жұмбақ аурудың себебі судан және сүттен табылған қорғасын мен никель болуы мүмкін. Металдардың суға және сүтке қалай енгені белгісіз, деп хабарлады paryz.kz.

Элуру қаласында және оның айналасында белгісіз аурудың өршуі өткен жексенбіде басталды. Ауру белгілерінің қатарына 3-5 минут ішінде эпилепсия ұстамалары, бірнеше минут ішінде есте сақтау қабілетінің жоғалуы, кенеттен естен тану, бас ауруы және бел ауруы жатады.

"Жұмбақ аурудың себебі туралы толық ақпарат орталық департаменттер өз есептерін ұсынғаннан кейін ғана белгілі болады. Бірінші кезекте індеттің себебі қорғасын екені анықталды", - деді Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары Алла Кали Кришна Сринивас.

Тағы оқи отырыңыз: Үндістанда тарап жатқан екінші пандемия ма?

Сонымен қатар есепте бұл - алдын ала мәліметтер, сондықтан қосымша зерттеулердің нәтижелерін күту қажет екені жазылған.

"Үндістанның химиялық технологиялар институты және басқа институттар қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері жақын арада шығады деп күтілуде. Бас министр билік органдарына пациенттердің денесіндегі ауыр металдардың құрамын мұқият тексеруді және емдеу процесін үнемі бақылауды тапсырды", - делінген  хабарламада.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, барлығы 505 адам зардап шекті, 370-тен астамы сауықты, тағы 120-сы ауруханаларда жатыр. Вижаявада мен Гунтура штаттарының ірі қалаларына анағұрлым маңызды медициналық көмек алу үшін 19 адам жіберілді. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Батыс Годавари округі ауыз су проблемаларын бастан кешуде. Аудан - Андхра-Прадештегі күріштің ең ірі экспорттаушысы.