Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

АҚШ президенті Украинаға көмек көрсететінін мәлімдеді

Америкаға келген Владимир Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті. Зеленский Конгресс алдында да сөз сөйлемек. Зеленскиді Ақ үйдің алдында президент Байден жұбайымен бірге қарсы алды. Бұл кадрларды американдық теледидар тікелей эфирде көрсетті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Украинаға көмек көрсететінін мәлімдеді
фото: BBC

«Путин ашқан қатыгез соғыста сізбен бірге бірлескен қорғаныста болу мен үшін үлкен мәртебе. Соғыстың басталғанына 300 күн өткеніне сену қиын және Путин украиндықтардың ұлт ретінде өмір сүру құқығына дөрекі түрде қол сұғып, жазықсыз украин халқына тек қорқыту үшін шабуыл жасады. Путин қысты қару ретінде пайдалануға тырысады. Адамдар суықтан жәнен аштықтан зардап шегіп жатыр», - деді Байден.

Ол Ресейдің Украинаның тұрғын аудандары мен энергетикалық инфрақұрылымын бомбалауы туралы айтып, Зеленскийге америкалықтар Еуропалық одақтастармен бірге Украинаны қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Байденнің айтуынша, Конгрестегі екі америкалық партия да украиндықтарды қолдайды. Еуропадағы, Жапониядағы және басқа елдердегі одақтастармен бірге Украинаға қажетті гуманитарлық және әскери көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Ол «Патриот» әуе қорғанысы зымыран кешендерін жеткізуді жалғастыра беретінін айтты. Қос президенттің кездесуі екі сағаттан астам уақытқа созылды.

«Мен үйге жақсы жаңалықпен, шамамен 2 миллиард долларлық әскери көмек пакетімен ораламын және бұл пакеттің негізгі ерекшелігі – біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс қабілетімізді арттыратын «Патриот» жүйесі. Мен үшін президент ретінде әділ әлем дегеніміз – біздің территориямыздың бөлшектенбеуі және барлық шығынды Ресейдің өтеуі. Ресей бізге, Еуропаға және бүкіл өркениетті әлемге қарсы жасаған барлық ісі үшін жауап беруі керек. Біз АҚШ-қа бейбітшілікке апаратын қадамдарды ұсындық», - деді Украина президенті.

Бұл – Зеленскидің Ресей шапқыншылығынан кейінгі алғашқы шетелдік сапары. Украина президенті Америкаға АҚШ Әскери-әуе күштерінің Boeing C-40B (Boeing 737 ng әскери модификациясы) ұшағымен келді. Украина президенті алдымен Польшаға пойызбен жеткен. Оны АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк ертіп келген. 

«Зеленский екеуміздің көзқарасымыз бірдей. Біз Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропа еліне жасалған мұндай үлкен шапқыншылықты көрген жоқпыз. Біз егемендік идеясының келе жатқанын түсінеміз. Путин НАТО-ны әлсіретемін деп ойлады, бірақ ол оны керісінше, күшейтті. Ол тіптен, Финляндия мен Швецияның НАТО аясында бірігуіне ықпал етті», - деді Байден.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Украинаға көрсетілетін көмектің тізімін жариялады:

  • Пакеттің бірінші бөлігіне 1,85 млрд долларға бағаланған «Патриот» әуе қорғанысы жүйесінің жеткізілімі, сондай-ақ жоғары дәлдіктегі соққылар мен оқ-дәрілер кіреді.
  • Пакеттің екінші бөлігі – Қорғаныс министрлігінің Украинаға көмек көрсету бағдарламасы аясында бөлінген 850 миллион доллары.

АҚШ-тан Украинаға әскери көмектің жалпы сомасы Джо Байден әкімшілігінің бүкіл жұмыс кезеңінде бұрын-соңды болмаған 21,9 миллиард долларға жетеді.

АҚШ Ресей әскерлері Украинадан шығарылғанға дейін кез келген уақыт аралығында Украинаға қолдау көрсету үшін бүкіл әлем бойынша 50-ден астам серіктеспен жұмыс істеуді жалғастырады.