Ол Олимпиадада екі рет жеңіп, кәсіпқой бокста бірнеше белбеу иеленген.
Бокстан Олимпиада чемпионы және ММА файтері Кларесса Шилдс ер адаммен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, vesti.kz-ке сілтеме жасап.
25 жастағы Шилдс блогер Джейк Полмен жекпе-жекке дайын екен. Пол болса, Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі алдында баскетболшы Нэйт Робинсонды нокаутқа түсірген.
"К...н айырамын! Маған қарсы 80 келі салмақпен шыға алады, бірақ, жекпе-жек соңында 75 болып қалады. Өйткені, ішіне толған нәжісті ұрып шығарамын", - дейді Кларесса Шилдс.
Сондай-ақ, ол Полдың кәсіпқой емес спортшымен жекпе-жегін сынап, оның Робинсонмен рингте кездесуін спортты мазақ ету деп есептейді.
1 желтоқсанда Шилдс Кәсіпқой жекпе-жек лигасымен (PFL) келісімшартқа отырды. Ол Олимпиадада екі рет жеңіп, кәсіпқой бокста бірнеше белбеу иеленген. Шилдс – ESPN және The Ring журналының тұжырымы бойынша әлемдегі ең мықты боксшы.