Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мұғалімнің басын кесіп алған жігіт құрметпен жерленді (ВИДЕО)

Жерлеу рәсіміне 200-дей адам қатысқан.

Мұғалімнің басын кесіп алған жігіт құрметпен жерленді (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен мұғалімнің басын кескен жігіт жерленді, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға 2020 жылғы 16 қазанда Конфланс-Сент-Онорин қаласында болған. 18 жастағы шешен париждік мұғалімнің басын кесіп тастаған-ды. Ал қылмыскерді полиция атып өлтірген.

Қылмыс бірнеше жыл бұрын әйгілі Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қатысты болған. Ал мұғалім ол суретті Франциядағы сөз бостандығына арналған сабақта студенттерге көрсеткен. Одан кейін Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы Франциядағы мэрия қабырғасына ілінген...

Анзоровтың денесі Франциядан Шешенстанға жеткізіліп, Урус-Мартан ауданында көптеген адамның құрметімен жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне 200-дей адам қатысқан. Видеода адамдардың жігіт үшін дұға жасап, құрмет көрсеткендерін көруге болады.

Аудан билігі қауіпсіздік шараларын сақтап, туыстарын ғана жіберген. Тәртіпті қадағалау үшін 65 полиция қызметкері зират маңайында жүрді.