Франция құрамасының жеңілісінен жанкүйерлер Парижді астан-кестең етті

2022 жылғы әлем чемпионатының финалы аяқталғаннан кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздіктер басталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Франция құрамасының жеңілісінен жанкүйерлер Парижді астан-кестең етті
фото: reuters

Ұлттық құраманың жеңілісіне күйзелген жанкүйерлер көшеге шығып, айналадағының бәрін қирата бастаған. Елисей алаңдарында петарда мен отшашулар шашқан. Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, тәртіп сақшыларының ескертуіне көнбеген жанкүйерлер ұсталды.

Еске салсақ, 2022 жылғы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентине құрамасы Францияны жеңді.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!