«Аватар» көріп отырған ер адам қайтыс болды

Үндістанда «Аватар. Су жолы» фильмінің тұсаукесерінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Аватар» көріп отырған ер адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Лакшмиредди Срину інісімен бірге кинотеатрға жаңа фильмнің көрсетіліміне барған, бірақ кино көріп отырған кезінде ер адам жүрек талмасына ұшыраған. Ауруханаға жеткізген бойда дәрігерлер оның қайтыс болғанын жеткізіпті.

Осыған ұқсас жағдай «Аватардың» бірінші бөлімі шыққан уақытта да болған еді. Тайваньда фильмнің көрсетілімінен кейін 42 жастағы ер адам қайтыс болды. Дәрігерлер оның фильмді көру кезінде қатты толқып, қан қысымы көтеріліп кеткенін айтқан.