Берлинніің орталығында орналасқан Dom Aquaree қонақүйінде 16 метрлік аквариум сынып кетті. Аквариумда 1,5 мың теңіз жануары болған. Morgenpost басылымының хабарлауынша, екі адам зардап шеккен.
Twitter желісіне пайдаланушылар оқиға орнынан түрлі видеолар салып жатыр.
Dom Aquaree қонақүйі Берлиндегі Карл-Либкнехт-Штрассе көшесінде, Берлин Александерплац алаңы мен әйгілі телемұнараның жанында орналасқан.
Ол - әлемдегі ең үлкен аквариумдардың бірі. Онда 1,5 мың теңіз жануары мен 1 миллион литр су болған.
Су балықтармен бірге көшеге ағып кетті.
аквариум
Reuters-тің хабарлауынша, оқиға себебі әлі анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, оған материалдардың тозуы себеп болған.
Қазір аквариумы бар қонақүй тұрған көше жабық.
Жолға көп су төгілген. Оқиға орнында апаттық-құтқару қызметінің 100 маманы жұмыс істеп жатыр.
Қонақүй қонақтарын эвакуациялау үшін арнайы маршруттық автобустар ұйымдастырылған. Қазір Берлиндегі ауа температурасы -7 градус.