Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg басылымының мәліметі бойынша 2022 жылы әлемдегі ең ықпалды 50 адамның тізіміне енді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
«Владимир Зеленский АҚШ-тың көмектесу туралы ұсыныстарын қабылдамады және украиндықтарды жеңетініне сендіру үшін түнгі әлеуметтік желідегі үндеулерді қолданды. Танымал телешоуда президентті ойнау арқылы актер ретінде танымал болған Зеленский өзінің талантын бүкіл әлемге өнер көрсету және өз ұлтының күресіне қолдау көрсету үшін қолданды», - деп жазды Bloomberg.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық Time журналы Зеленскийді Ресеймен толыққанды соғыс кезіндегі жетекші рөлі үшін «жыл адамы» деп атады.