Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Путинге шұғыл операция жасалуы мүмкін – БАҚ

Ресейдің 70 жастағы президенті Владимир Путинге өткен аптада үйінде оқыс құлап қалуы себепті оған шұғыл хирургиялық әрекет жасалатын болды.

Путинге шұғыл операция жасалуы мүмкін – БАҚ
Фото: ашық дереккөз

Өзінің Кремльдегі ақпарат берушісіне сүйенген британиялық таблоид өз үйінде абайсызда баспалдақтан сәтсіз қатты құлаған Путинге хирургиялық араласушылық шұғыл түрде керек болып тұрғанын анықтады.

Әуелгіде General SVR телеграм-арнасының өткен аптада Путиннің баспалдақтан оқыс құлап қалғанын Кремльдегі жоғары лауазымды шенеуніктер жоққа шығарып, оны «шылғи өтірік» деп атап көрсетуге мәжбүр болған еді. Бірақ кейінірек «тепкішектен құлап қалған кезінде» құйымшағын зақымдап алған президенттің өзін аса жайсыз сезінетініне байланысты ота жасау қажеттілігі растала бастады.

"Өз үйінде құлап қалғаннан кейін Владимир Путин мамандардың тексеруінен өтіп, тоқ ішегі мен тік ішегіне операция жасатуы керек", – деп жазды Daily Star.

Оның желтоқсан айында жыл сайын өтіп келген дәстүрлі үлкен баспасөз мәслихатының он жылдан бері биыл бірінші рет жоспарға енбей қалуы да осыған байланысты шығар.

Бұдан басқа, оның Парламентке дәстүрлі жолдауы да биыл болмайды. Сондай-ақ Кремльдегі жаңажылдық қабылдау да алынып тасталды.

Жақында Бішкекте өткен Еуразия экономикалық одақ форумы кезінде Путиннің әрең жүргенін де жұрттың көбі байқап қалды.