Айтуынша, жолда оны бейтаныс жақсы адамдар тамақтандырған. Көп ұзамай, оның әйелі полицияға күйеуінің жоғалғаны туралы арыз түсірген.
Италияның Комо қаласының тұрғыны әйелімен ұрсысып қалып, тынышталу үшін 450 шақырым жол жүрді, деп хабарлады paryz.kz, rusjev.net-ке сілтеме жасап.
48 жастағы ер адам әйелімен ұрыстан соң Болонья қаласына қарай бет алып, бір аптадан кейін Фано қаласына жетеді. Онда оны жергілікті полиция ұстайды.
Полицияның есебіне сәйкес, итальялық түнгі сағат екіде көшеде себепсіз жүрген. Осылайша қалада енгізілген коменданттық сағатты бұзады. Оған 400 еуро айыппұл салынған.
Жауап алу кезінде итальялық үйден қаншалықты алыс екенін байқамағанын түсіндірді. Айтуынша, жолда оны бейтаныс жақсы адамдар тамақтандырған. Көп ұзамай, оның әйелі полицияға күйеуінің жоғалғаны туралы арыз түсірген.
Ер адамға тамақ беріліп, уақытша қонақ үйге орналастырылды. Келесі күні әйелі оның артынан көлікпен келіп, үйіне алып кетті.